Сайлаушылар мен ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаттығына Кандидаттың арасындағы
КЕЛІСІМ
Алматы қ. «19» наурыз 2023 ж.
Осы Келісім жария оферта деп саналады және Алматы қ. №4 сайлау округінің аумағында тұратын, бұдан әрі «Сайлаушылар» деп аталатын бірінші тарап Алматы қ. тұрғындары мен бұдан әрі «Депутаттыққа Кандидат» деп аталатын екінші тарап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Санжар Омарұлы Боқаевтың ерік білдіруі деп танылады.
I. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ МӘНІ
Сайлаушылар депутаттыққа Кандидатқа халықтың мүддесі үшін ҚР Парламенті Мәжілісінде өкілдік және заңнамалық қызметтерді орындауды жүктейді. Өз кезегінде Сайлаушылар депутаттыққа Кандидатқа дауыс береді.
II. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
2.1. Депутаттыққа Кандидат міндеттенеді:
2.1.1. ҚР Парламенті Мәжілісінде және ҚР Үкіметінде Сайлаушының көзі мен құлағы, оның қуатты қолына айналу. Сайлаушылардың аманаттары мен ұсыныстары негізінде сапалы заңдарды әзірлеуге қатысу.
2.1.2. Халықтың ғана мүддесін қорғау, ҚР Үкіметінің барлық мүшесінен тиімділікті талап ету.
2.1.3. Сайлауалды бағдарламаны орындау, барлық заңды тәсілдер арқылы сыбайлас жемқорлықпен, әділетсіздікпен, олигополиямен күресу.
2.2. Сайлаушылар құқылы:
2.2.1. Депутаттыққа Кандидаттың сайлауалды уәделерін орындауын талап ету және жұмысын бағалау.
2.3. Сайлаушылар міндеттенеді:
2.3.1. Депутаттыққа Кандидат Санжар Омарұлы Боқаевқа дауыс беру.
III. АНЫҚТАМАЛАР:
№4 сайлау округі – Алматы қ. Алмалы, Жетісу, Түрксіб аудандарын қамтитын аумақ.
Жария оферта – депутаттыққа Кандидат Санжар Омарұлы Боқаевқа өз дауыстарын беру үшін Алматы қ. №4 сайлау округінің тұрғындары қатарындағы белгісіз тұлғалар тобына жолданған осы ұсыныс.